top of page

Қазақ әдебиеті. 11 сынып

Сәкен Сейфуллин

Сәкен Сейфуллин қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында 1894 жылы дүниеге келген. Оның әкесі Сейфолла саятшы, домбырашы болса, анасы Жамал әңгімешіл, ақжарқын жан болған екен. Табиғатынан дарынды жаратылған, мөлдір қара көз, толқынды қара шаш, қыр мұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас есімінің орнына, еркелетіп «Сәкен» деп атап кеткен...

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Сасықкөл жағасында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы, Молодежный совхозы орналасқан Бекен ауылында дүниеге келген. Ақынның әкесі Бекен ірі бай, Полудин болысы болған кісі екен. Әкесі Бекен мектеп ашып, мұғалім алдырып, балаларын оқытқан, оларға білім беріп, адамгершілік қасиеттерге баулытқан. Мағжан 4 жасында-ақ хат танып, қабілетті, сабаққа ынтасы жағынан ерекше көзге түсіп, хисса - дастандарды оқып кеткен. Он екі жасында Петропавлдағы Мұхемеджан Бегішов ашқан медресе – қазақ және татар балаларына арналған діни семинарияға түсіп, бес жылдай оқып, бітіріп шығады. Медреседе оны дін уағызынан гөрі жаратылыстану, гуманитарлық білім негіздері көбірек қызықтырған. Осында жүріп ол араб, парсы, түрік тілдерін меңгеруге күш салады, өз бетімен көп ізденеді...

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

bottom of page