top of page

Қазақ әдебиеті. 9 сынып

Батырлар жыры

Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы.

Қазақша «Батырлар жыры» деп аталатын эпостық шығармалар ерте заманнан бері халық арасында ірге тепкен, көбінің қай ғасырда пайда болғаны белгісіз, атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, замандар бойы ауызша сақталып, ақыры біздің дәуірімізге жетіп отыр.

Фольклорлық шығармаларды зерттеуде кездесетін үлкен қиыншылықтын бірі – оның қай кез, қай дәуірде туған шығарма екендігін тап басып, дәл айту мүмкіншілігінің жоқтығы. Сондықтан ертеден жазылып қалған тарихы, жылнамасы болмаған елдерде фольклорды зерттеу мәселесі айрықша сақтықты керек етеді... 

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Лиро-эпос жырлары

Лиро-эпос жырлары халық арасында ғасырлар бойы ауыздан-ауызға көшіп, біреуден-біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен. Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес. Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге, бір-бірімен байланыса, қатарласа өмір сүрген. Сондықтан олардың ұқсастықтары да аз емес, айырмашылықтары да баршылық. Батырлар жырларымен салыстырғанда, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, адамның ішкі сезімі көбірек баяндалады.

Қазақ романдық эпосының классикалық үлгісінің бірі – «Қыз Жібек» жыры. Бұл Қазақ хандығы тұсында өнер туындысына айналған көркем шығарма. Мұның ең басты ерекшілігі – үлкен екі сюжеттен тұратындығы...

 Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Шешендік сөздер - халық даналығы

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік дау шартты түрде үшке бөлуге болатынын айттық.

Шешендік арнауға біреуге арнап айтылған шешендік сын, сәлем, бата-тілек, алғыс естірту, көңіл айту сөздер: шешендік толғауға жалпы жұртқа арналған өсиет-насихат, өнеге мысал, мақал-нақыл сөзер жатады. Ал шешендік дау – жерге, жесірге талас, мал-мүлік дауы,өмір-ождан қорғау мәселелеріне байланысты туған шешендік-тапқырлық сөздерді қамтиды.

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904)

Ұлы ақын, жазушы, философ, ағартушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыс тауында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың отбасында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Ибраһим. «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Бұл есіммен Абай тарихқа енді.

 Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Мағжан Жүмабаев (1893-1938)

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан Жұмабаев 1894 жылы қазіргі Бейнетқор ауданында (бұрынғы Сары айғыр болысы, Ақмола облысы, Қызылжар уезі) туған. Мағжанның өз əкесі Бекен деген адам (1867 жылы туған). Жұмабай Бекеннің əкесі (1827 жылы туған). Жұмабайдың əкесі Шонай. Оның əкесі Өтеген, оның əкесі Өтеміс. Қазір Өтеміс деген арғынның Атығай деген танабының бір руы. Шонай момын, жуас,шаруа адам болған. Жұмабай ат арқасына мінгеннен кейін, сауда істеген де байыған. Бертін келе қажыға барған. Елде беделді кісі болған. Жұмабайдан: Нұрмағамбет, Бекен, Батай деген үш ұл туған. Соңғысы өлген, екеуі əлі тірі. Жұмабайдың өзі 1899 жылы өлген. Бекен екі əйелді болған адам. Бастапқы əйелі Малика Құдайбердіқызы. Одан бала болмаған. Соңғы əйелі Қызылжар қаласында тұратын Əшір деген өзбек саудагердің Гүлсім деген қызы. Жасы 55-те, əлі тірі. Бекеннен: Абау мүсін, Қарман, Мағжан, Мұхаметжан, Қалижан, Салтай деген бес ұл туыпты. Осылардың ішінен Абау мүсінді Жұмабай көзі тірісінде қолына алып қап, Бекенді еншісін беріп шығарған. Нұрмағамбет бұдан бұрын бөлінген. Жұмабай өлгеннен кейін Абау мүсінмен малға дауласып, əкесінің дəулетін қолына алған. Бұл кезде Жұмабайдікі елдегі белгілі бай.

 Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

bottom of page