Биология. 11 сынып
Эволюциялық ілімнің негіздері
«Эволюция» - тарихи даму, өзгеру, өрлеу деген мағынаны білдіреді, яғни органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму себептерін, қозғаушы күштері мен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді. ХVIII ғасырдың аяғында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Қолтұкымдар мен іріктемелер шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Мүйізді ірі қара, жылқы, шошқа, қой, ит, кептерлердің қолтұқымдары шығарылды. Өсімдіктердің (жеміс-жидек, бақша өсімдіктерінің) жаңа іріктемелері алынды. ХІХ ғасырда жаратылыстану саласында геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті. Жаратылыстанудың әр саласынан (геология, палеонтология, биогеография, эмбриология, салыстырмалы анатомия, физиология, өсімдіктер мен жануарлар систематикасы), М. Шлейден мен Т. Шванның барлық тірі организмдердің құрылым бірлігі «клетка» екендігін дәлелдеп, клетка теориясын ашуы т.с.с. ғылымдағы көптеген ұлы жаңалықтардың жиналған материалдар табиғат өзгермейді деген қөзқарасты жоққа шығарды...
Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.