top of page

Биология. 6 сынып

Тыныс мүшелерінің құрылысы

Биология. 6 сынып

Қан мен ауа аралығындағы газ алмасу тыныс алу мүше арқылы жүреді, олар ауа өтетін жолдары мен өкпеден тұрады.

Ауа өтетін жолдар мұрын қуысынан басталады да көмекей, кеңірдек, бронхы арқылы ауа өтеді. Мұрын қуысы ауа мұрын қуысы арқылы өтеді, ол сүйекті-шеміршекті перде арқылы екіге бөлінген. Мұрын қуысындағы ауа кеңсіріктен аңқаға, ал одан көмекейге барады. Мұрынның қабырғасы сілемейлі қабықша астарлайды, оның үстіңгі қабаты – кірпікше эпителиймен қапталған кілегейлі зат. Көмегей мұрынқуысынан кейін ауа көмекейге өтеді, көмекей байламдардан тұратын бірнеше шеміршектерден және тіласты сүйектен тұрады. Кеңірдек 6-7 мойын омыртқа тұсында көмекей кеңірдекке жалғасады. Ол жарты сіңірлі шеміршектен тұрады, олар қабырғаларын кернеп тұрады. Бронхылар кеңірдектің төменгі жағы екі бронхыға бөлінеді, олар кейін тағы тарамдалып,өкпеге бронхиалды бұтақтарды құрайды. Өкпе кеуде қуысында орналасады. Өкпенің ортаңғы бөлігінде қақпасы орналасқан, ол арқылы өкпе бронхиолар мен өкпе артериясы барып жалғасады.Тыныс алу көлемі деп жай деп алған кездегі және тыныс алу мен тыныс шығару кезендегі ауа мөлшерін атайды...

 Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Адам анатомиясы мен физиологиясы

Анатомия – адам организмінің құрылысын, оның мүшелері мен ұлпаларын зерттейтін ғылым.

Физиология – тұтас организм мен оның жеке мүшелері және жүйелері қызметтерін зерттейтін ғылым.Ұлпа дегеніміз – арнайы қызмет атқаратын клеткалар мен клеткааралық заттардың жиынтығы. Ұлпалар мүшелерді құрайды. Мүшелер дегеніміз – бірнеше ұлпалардың құрылымдық және функционалдық жиынтығы. Олар организмде белгілі бір бөлігі ретінде арнайы қызмет атқарады. Әдетте, организм деңгейінде мүшелер жүйелерді құрайды. Мысалы, тыныс алу жүйесі, қан айналу т.б.

Жыныс белгілеріне қарамастан адамдар дене құрылымына қарай конституционалды типтерге бөлінеді. Адамдарға негізінен үш негізгі дене құрылымы кездеседі: мезоморфты, брахиморфты және долихоморфты. Мезоморфты типіне жататын адамдардың анатомиялық дене пішіні ортаңғы көрсеткіштерге сай болады. Брахиморфты типке жататын адамдардың әдетте бойы онша биік емес. Олардың басы жұмыр, үлкен қарынды, аяқ-қолдары әлсіз болады. Үшінші типке жататын – долихоморфты типтегі адамдар сымбатты, жеңіл, ұзын аяқ- қолдарымен әлсіз бұлшық еттерімен және жіңішке сүйектерімен сипатталынады...

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

bottom of page