top of page

Биология. 9 сынып

Эволюция

Биология 9 сынып

Эволюция (латынша evolutio - өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы. Эволюция терминін  алғаш М. Хейл қолданды (1677). Кейін швейцарлық ғалым Ш. Бонне (1762-1793) эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды (1762). Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекулалық деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық өзгерістер болып есептелінеді...

 Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Генетика және селекция негіздері

Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын алғаш рет чех ғалымы Грегор Мендель ашты. Ол өзінің 1865 жылы Брно қаласында басылып шыққан «Өсімдік будандарында жүргізілген тәжірибелер» деген мақаласында осы заңдылықтарды жариялады. Осыдан тек 35 жыл өткен соң ғана, 1900 жылы үш елдің ғалымдары: Голландияда Де Фриз, Германияда Корренс және Австрияда Чермак бір-біріне байланыссыз үш түрлі өсімдіктермен жұмыс істей отырып, бірдей қорытындыға келеді, яғни Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарын қайта ашқандай болды. Міне, содан бері 1900 жыл генетика ғылымының ресми түрде жарыққа шыққан жылы деп есептеледі. Генетика – бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы...

 Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Көбеюдің негізі және организмнің жеке дамуы

Организмнің көбеюі дегеніміз – жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті болып саналады.  Организмнің жеке дамуы (онтогенез) кезінде ата тектерінің ересек формалары емес, олардың ұрықтарына тән белгілер қайталанады.  Онтогенез кезіндегі даму деп реттелікпен жинақталған және қайтымсыз өзгеріс, яғни зиготаның ұрықтанған клеткадан бастап организмнің табиғи тіршілігін жоюды айтамыз. Эволюция процесінде ең бірінші жыныссыз, содан кейін жынысты көбею пайда болды.

 Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

bottom of page