top of page

Физика. 9 сынып

Физика. 9 сынып

Тербелістер

Физикалық шаманың уақыт өтуіне байланысты өзінің орта мәнінің маңында қайталанып отыратын өзгерісі тербеліс деп аталады. Бұл – сонымен қатар белгілі уақыт аралығында қайталанатын қозғалыс. Қарапайым механикалық тербелмелі жүйе – серіппеге бекітілген жүк. Қарапайым гармоникалық тербеліс – бұл тербелістегі денелердің координаталарының уақыт бойынша косинус немесе синус заңы бойынша өзгеруі кезіндегі түзу сызықты бірқалыпсыз қозғалыс. Бұл қозғалыс периодты қозғалыс болып табылады, себебі синусоидалы тербеліс тепе-теңдіктің маңында болады. Бұл қозғалыстың тұрақты периоды, жиілігі және амплитудасы болады.

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Атом құрылысы

Электрон – ХІХ ғасырдың соңында заттың құрылысы туралы атомдық-молекулалық түсініктердің дұрыстығы дәлелденеді. Сонымен бірге ең қарапайым бөлшек деп қарастыру, физикадан және химиядан жаңадан ашылған бірқатар фактілерге түсінік бере алмады. Электролиз, газдағы электр разряды, фотоэффект және электрондық эмиссия құбылыстары бейтарап атомның ішінде одан да кіші электр зарядталған бөлшектер бар екендігін куәландырды. Осы құбылыстарды зерттеу нәтижесінде 1897 жылы электрон ашылды.

Атомның Резерфорд моделі. Альфа-бөлшектердің заттағы шашырауын байқау тәжірибелер нәтижесі негізінде Резерфорд атом құрылысының планетарлық моделін ұсынды. Бұл модельге сәйкес атом құрылысы күн жүйесінің құрылысына ұқсас...

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

bottom of page