География. 7 сынып
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Атмосфера (грек. Atmos – бу және spһaira – шар) – Жер шарының өзімен бірге айналатын және оның тәуіліктік, жылдық айналымына қатысы бар газ қоспаларынан тұратын ауа қабаты. Ол газдан, су тамшыларынан, шаңнан, мұз кристалдарынан тұрады. Температураның өзгеруіне қарай Атосфера тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабаттарына ажырайды. Күн радиациясын жартылай өзіне сіңіріп,өзінен ұзын толқынды инфрақызыл сәуле бөліп шығарады, сонымен қатар жер бетінің ұзын толқынды сәулесінің ¾-ін қайта сіңіреді. Жер беті мен атмосфера арасында жылу және ылғал тұрақты түрде болып тұрады.
Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.
Мұхит ағыстары
Үздіксіз қозғалыста болу – мұхит суы ерекшеліктерінің бірі. Судың бетінен түбіне дейінгі бүкіл қабаты қозғалыста болады. Мұхит суын қозғалысқа келтіретін көптеген себептер бар. Олардың ең бастысы - жел. Бұлар мұхит суының бетін горизонталь қозғалуға, яғни ағыстардың түзілуіне мүмкіндік туғызады. Ағыстардың бағыты желге ғана емес, сонымен бірге Жердің өз осінен айналуының ауытқуының ауытқытушы күшіне, мұхит түбінің жер бедеріне, материктердің пішініне де байланысты. Әрбір мұхитта жалпы схема енетін ағыстардан басқа, өзінің де ағыстары болады. Олардың бағыттары мұхиттың географиялық орнына, көлеміне және басқа да жергілікті жағдайларға байланысты. Ағыстар мұхитта жылудың бөлінуіне зор ықпал етеді. Суық және жылы ағыстар бір-бірімен көбіне қоңыржай белдеулерде кездеседі. Теңіз ағыстары мұхиттық ағыстар – теңіздер мен мұхиттардағы су массаларының жылжымалы қозғалысының процесі.Ағыс судың беті мен тереңдігінде кең алқапты қамтиды. Жел немесе дрейф ағыстары судың беткі бөлігінде қозғалыс тудырып, градиенттік ағыстың дамуына жол ашады. Теңіз ағысының бағытына жердің айналу күшінің әсері зор: беткі ағыс Солт...
Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.
Мұхит аймақтары
Окенографтар Әлемдік мұхитты бес қабатқа бөледі. Бұл қаббаттар мұхит аймақтары деп аталады және әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Олар күн сәулесінен түсетін жарыққа қарай ерекшеленеді. Мұхит аймақтары су бетінен бастап, күн сәулесі жетпейтін мұхит тұңғиығна дейін созылады.
Мұхит аймақтарының фаунасы
* Эпипилагиялық аймақ; акулалар, тунец, макрель, медузалар, теңіз тасбақалары, итбалықтар, теңіз арыстандары және скаттар.
* Мезопелагиялық аймақ; жарықбалық, гренадер, балтабалық, жыланбалық және орта тереңдікте жүзетін медузалар
* Батипелагиялық аймақ; қармақшы балық, үштаған балық, голотуриялар, жыланбалық (угорь), су шаяндары, қара қомағай және кальмар-вампир.
* Абиссопелагиялық аймақ; қармақшы балық, алып кальмар, теңіз жұлдыздары, түтікше құрттар және үштаған балық.
* Хадопелагиялық аймақ; теңіз жұлдыздары және құрттар...
Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.
Ойпаттар
Ойпаттар деп –өзімен жапсарлас жатқан аумақтардан төмен орналасқан рельефі жатық құрлық бөліктерін айтамыз. Бұл термин жан-жағын үстірттер мен таулар қоршаған ойпаң жерлердің бәріне қолданылады.
Біздің планетамыздағы ойпаттар
* Шотландия ойпаты: Шотландия ортасындағы аумақ.
* Солтүстік Евуропа ойпаты: Орталық Еуропа мен Солтүстік теңіз тауларының ортасына орналасқан Еуропаның тегістеу бөлігі. Оның аумағына Нидерландтар, Бельгия, Люксембург орналасқан.
* Силезия ойпаты Польшода орналасқан.
* Кариб маңындағы ойпат: Кариб теңізінің Орталық Америка Жағалауындағы ойпат.
* Шығыс үстірті мен ойпаты:АҚШ-тың Висконсин штатының шығысындағы ойпат.
* Әулие Лаврентий (Сент-Лоуренс) өзенінің төменгі ағысындағы жазық: Ұлы көлдер аумағын қоса алғанда Солтүстік Америкадағы ойпат.
* Солтүстік Канада ойпаты: Арктика ойпаты, Гудзон бұғазының ойпаты, Расмуссен ойпаты.
* Мещер ойпаты: Батыс Ресейдің жазық бөлігі...
Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.