География. 9 сынып
Мұхит ағыстары
Гидросфераның негізгі бөлігін Дүниежүзілік мұхит сулары құрайды. /белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан, Жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361 млн км2. Күн жүесіндегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су – Жер табиғатының басты байлығы, тіршілік көзі. Мұхит суының басты қасиеттері – температурасы мен тұздылығы...
Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.
Химия өнеркәсібі
Химия өнеркәсібі – шаруашылықтағы жалпы ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ететін ауыр индустрияның барынша серпінді салаларының бірі. Бұл салада ешқандай қалдық болмайды. Оның үстіне, бұл саланың өзі көбіне белгілі бір өндірістің қалдықтарын пайдаланып, өнеркәсіп үшін қасиеттері алдын ала ойластырылған тиімді жаңа материалдар мен халық тұтынатын тауарлар шығарады. Жоғары сатыда дамыған химия өнеркәсібі болмайынша, ауыл шаруашылығын тиісті деңгейде өркендету мүмкін емес, өйткені ауыл шаруашылығы химия өнеркәсібінен минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттарды алып отырады. Демек химия өнеркәсібі азық-түлік және энергетика бағдарламаларын орындауға, техникалық прогресті жеделдетуге, халық тұтынатын заттардың өндірілуін арттыруға жәрдемдеседі...
Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.
Қазақстанның табиғат ресурстарын қорғау
Біздің республикамыздың қойнауы алуан түрлі табиғат байлықтарына бай. Кең-байтақ қазақ жерінде табиғат байлықтарының аса мол қоры шоғырланған. Мұнда 35 млн. гектар егістік жер, 187 млн. гектар шабындық пен жайылым, 20 мыңнан астам гектар орман, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Елімізде су ресурстары да жеткілікті. Мыңдаған өзен, көл, мұздық және жер асты суының сарқылмас мол қоры бар.
Қазақстанның жер ресурсы және оны қорғау шаралары. Қазақстанның жер көлемі жан басына шаққанда дүние жүзінде бірінші орында. Жер – халықтың дәулеті, ырысы. Сондықтан осындай зор байлықты тоздырмай, улы химикаттармен уламай, топырақ, жел эрозиясына ұшыртпай, тиімді пайдаланып келешек ұрпақ несібесіне сақтап жеткізу – басты міндет. Айналадағы ортаның бүлініп, ластануына басты себеп – өндіріс ошақтары, көлік құралдары, ядролық қаруларды сынақтан өткізу, т.б....
Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.