top of page

Тарих. 10 сынып

Үйсін мемлекеті

Үйсін Ордасы, б.э.б. 2 ғасыр – б.э. 6 ғасырларда Қазақстан жерінде өмір сүрген. Жетісу, Іле аймақтарында және Ыстықкөл өңірінде орналасқан. Шекаралары батысында Шу, Талас өзендеріне, шығысында Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты алып жатты. Үйсіндердің арғы тегі б.э.б. 1-мыңжылдықтағы Қытай жазбаларында «Кунь уй», «Кунь ронг» («Күн бұратаналары», «Күн жабайылары») деп аталып, олардың Тәңір (Тянь-Шань) тауының батысында көшпелі тіршілік еткені айтылады. Б.э.б. 4 ғасырдағы жазбаларда «Үйсін әулеті жабайылары» («Усунь ронг») деп аталса, б.э.б. 2 ғасырға тән деректерде «усунь» деп жазылған. Қазіргі тарих ғылымында үйсіндерді түркі тілдес этнографиялық топ, моңғол тілдес халық болған деген көзқарас басым. Жалпы үйсін (усунь) сөзі – «ұйысу», «топтасу», «ынтымақтасу» деген мағынаны білдіреді...

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Ерте темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы

Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік – экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғасырдың ортасында К.Ю. Томсен (Дания) ұсынды. Б.э.б. 1- мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық  мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Метеориттік темір ертедегі тайпаларға б.э.б. 4-мыңжылдықта белгілі болған.

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Қола дәуірінің сипаттамасы

Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.э.б. 4 - мыңжылдықтың аяғы мен б.э.б. 1 – мыңжылдықтың басын қамтиды...

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

bottom of page