top of page

Тарих. 11 сынып

Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері

Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштернегізгі белгілері жағынан бір-біріне ұқсас. Арал өңірінен: найзаның тас ұштары, жалпақ пышақтар, екі жүзі де өңделген жебе ұштары табылды.

Солтүстік Қазақстанда Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Тұрақты мекендеген адамдардың негізгі шаруашылығы орман, кәлден құс, балық аулау, терімшілік болған сияқты. 

Балқаштың солтүстігінде шақпак (кремний) тастан жасалған ұсак құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі.

 Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған. Бұл - олардың мал шаруашылығымен айналыса бастағанының белгісі.

Жезқазган өңірінеи 150-ге жуық тұрак, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Жерлеу орындарының үстіне тас үйген. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамды басын солтүстік- батысқа қаратыпшалқасынан жерлеген. Бұл - неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғандығының куәсі.

Шығыс Қазақстан аймағынан табылған қоныстар құрал-саймандарға өте бай. Мұнда кұралдың ұшы қызметін атқарған өткір ұсақ сынтастар көп табылды. Ұсақ тастардан өткірленіп жасалған ұштар, кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін пайдаланылған. Ондай кұрамалы құралдарға жебе мен найза және жүзі өткір тастардан жасалған сабы сүйек не ағаш пышақ пен орақтар жатады. Неолитте құрамалы құралдар жасаудың түрлі әдіс-тәсілдері жетілдірілді. Құрамалы деп аталатыны - олар екі түрлі материалдан құрастырылған, құралдың ұшы не жүзі міндетті түрде ұсақ өткір тастардан тұрады. Сонымен қатар бұл қоныстардан жалпақ пышақ, жонғыш, қашаулар мен ауыр тас балталарҚ көп кездесті. Неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан...

Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.

Тарих. 11 сынып
bottom of page