Тарих. 9 сынып
Екінші Дүниежүзілік соғыс
Екінші Дүниежүзілік соғыс (1938- 1945) – дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 жылы фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 жылы Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 жылы оған Италия қосылды. Жапония 1931 жылы Қытайда, Италия 1935 – 1936 жылдары Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 – 1939 жылдары Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 жылы Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беруге, Германия көршілерінен басқа жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 жылы наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды...
Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық- зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардың бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді...
Толық мәтінді сіздер оң жақтағы WORD белгішесін басып көшіре аласыздар.